Еуроодақ жасанды интеллект шығарған өнімді таңбалауды ұсынды
Бұл туралы Еуропалық комиссия басшысының орынбасары Вера Юрова хабарлады. Бастаманың мақсаты - қоғамды жалғандықтан қорғау. Еуроодақ чат-боттардың, соның ішінде ChatGPT-дің күрделі мазмұн мен визуалды эффектілерді бірнеше секунд ішінде жасау қабілеті, жалған ақпаратпен күресуде жаңа міндеттер қояды деп санайды.
Вера Юрова, Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары:
- Біз таңбалау арқылы қарапайым пайдаланушы оның алдында адам я жасанды интеллект жасаған өнім екенін оңай ажыратса дейміз. Сөз бостандығы туралы жиі айтамын, ал енді адамдар құқығы да маңызды! Соны ескерген жөн.