Кубада қалалар су астында қалды
Кубада бірнеше күн қатарынан жауған жаңбыр салдарынан қалаларды су басты.
Әсіресе орталық және шығыс аймақтарда жағдай қиын. Джигуани қаласын топан су басып жарық өшкен. Өзен-көлдер арналарынан тасып, көпірлер қирады. Инфрақұрылым бұзылып, кей ауылдарға апаратын жолдар жабылған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Синоптиктер жауын аптаның соңына дейін жауады деп отыр. Қауіп төнген өңірлерден мыңдаған тұрғын эвакуациялануы мүмкін.