АҚШ-та қауіпті жұмыс істейтін балалар саны өсіп келеді
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, соңғы 8 жылда саны 4 есе өскен.
Әсіресе мигрант балалардың жағдайы ауыр. Соңғы екі жылда елге 250 мыңнан аса жасөспірім өз бетімен келген. Жағдай одан да ушығуы мүмкін. Өйткен соңғы екі жылда 11 штатта балалар еңбегін қолдануды жеңілдететін заң жобалар қарастырылды. Биылдың өзінде 8 заң жобасы ұсынылды. Мәселен, Миннесоттада балаларға құрылыста жұмыс істеуге рұқсат етілді, ал Огайода 14 жасқа толған жеткіншектер күн сайын сағат кешкі тоғызға дейін еңбек ете алады. Висконсинде де жастан бастап мейрамханаларда ішімдік сатуға рұқсат.
Венди Боствик, ауыр еңбектен қайтыс болған баланың анасы:
- Ұлым менің тірегім еді. Ол аса ауыр жұмыс пен қанаудан қайтыс болды. Осыдан бір баланы құтқарсам да, міндетімді орындадым деп санаймын.