Нью-Йоркте көшеде тегін дәрі-дәрмек беріледі
Нью-Йоркте қоғамдық орындарда денсаулық сақтауға арналған алғашқы сауда автоматы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Одан дәрі-дәрмек пен жеке бастың тазалығына қажет заттарды алуға болады. Қала тұрғындарына тегін беріледі. Бұл үшін мекенжайының пошта индексін енгізіп, керек тауарды таңдауы тиіс. Тауарлардың арасында ескірткіні шамадан тыс қолданғанда мұрынға себетін спрей бар. Бұл есірткіден өлу көрсеткішін 2025 жылға қарай 15%-ке азайтуға көмектеседі деген болжам бар.