Бразилияда Амазон тайпасының фестивалі басталды
Амазонның байырғы тайпасы – Тембе өкілдері дәстүрлі фестивальді тойлауды бастады.
Қыз-жігіттерді кәмелет жасымен құттықтау шарасы Wyra'whaw деп аталады.
Бұл – ата-бабадан келе жатқан мәдени мұра. Жеміс шырынымен боянып, құс қауырсынын жапсырып сәнденіп алған соң, тайпа өкілдері бір апта бойы билейді. Тембе - Бразилияның Пара және Мараньян штаттарында орналасқан Теко Хоу ауылында тұратын тайпа. Қазіргі таңда бұл елді мекенде 2,5 мың адам өмір сүреді.