Испания билігі күмәнді ақшамен күресті күшейтті
Испания билігі мен қаржы ұйымдары сондай-ақ салық агенттігі күмәнді ақшамен күресті күшейтті.
Еурокомиссияның қаржы саясатына сәйкес, мемлекетке ақша айналымына қатысты заңнаманы қатайту міндеттелген. Заң бұзушыға қаржылық, әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік белгіленіп отыр.
Испанияда қолма-қол ақшамен күрес 1993 жылдан бері жүргізіліп келеді. Алайда сол кездегі қабылданған заңнамалық актілерде капиталды заңдастыруға көмектескендердің қылмыстық жауапкершілігі қарастырылмаған еді. Жыл өткен сайын "лас" ақшаға қатысты испания саясатын күшейтті . Бүгінде құны үш мың еуродан асатын тауар мен қызмет түрлері үшін қолма-қол ақша төлеуге қатаң тиым салынған.
Франсиско Лусена Грейс, қаржылық экономика және есеп кафедрасының доценті:
- Испания банкіне ақша аударып отырған шет елдік банктің аударымына да қатаң бақылау орнатылды. Үш мың еуродан асатын аударымдар өзінің шығу тарихын растайтын анықтаманы қоса жіберуі керек. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда ақшаның иесіне де, испандық банкті де қылмыстық жазаға дейін тарту қарастырылды
Осыдан бес жыл бұрын ғана Испаниядағы банктер мен құрылыс компаниялары шетелдіктерден, жылжымайтын мүлік сатып алғанда немесе бизнесті бастағанда ақшаның шығу тегін растауды талап етпейтін еді. Бұл әрине, Еурокомиссияның тұжырымына қайшы келетін қағида.
Карлос Крузадо, банк қызметкері, экономист:
- Сонымен қатар Испания банктеріндегі барлық салымшылардың деректерін бір арнаға тоғыстыратын “Бірыңғай банк” немесе реестр құрды. Бұл саясат да салық инспекторларының жұмысын жеңілдетті.
Дей тұрғанмен, құқық қорғау орган өкілдерінің айтуынша, қылмыстық жолмен аударылған ақшаны жылыстатуды әшкерелеу оңай шаруа емес. Өйткені екінші тарап, яғни кей мемлекет бірігіп қызмет көрсетуге асықпайды, осы арқылы ірі шенеуніктің “шикі жолмен жинаған” ақша жайлы мәліметті көрсетілмейді. Бұл ретте Испан банкі минималды жауапкершілік, яғни шоттағы расталмаған қаражатты сот шешіміне дейін бұғаттап тастауға құқылы.
Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач