Корея Қазақстанға орманды қалыпқа келтіруге көмектеседі
Орман секторындағы Азиялық ынтымақтастық ұйымы – Афоко Қазақстанға ормандарды қалпына келтіруге және өрттердің алдын алуға көмектеседі.
Мұндай келісімге Сеулде мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің осы ұйымның вице-президентімен кездесуінде қол жетті. Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қоршаған орта және дамуы жөніндегі парламенттік конференциясына қатысу үшін Кореяға барған. Мәжіліс депутаты басқа мемлекеттерден келген әріптестеріне Қазақстанның климаттың өзгеруіне қатысты қандай шаралар қолданып жатқаны жөнінде баяндады.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің комитет төрағасы:
- Корея өзінің орман алқаптарын қайттан қалпына келтіру үшін осы 50-60 жылда 11 миллиард ағаш отырғызған екен және 2,5 миллион гектардай жерді орман алқаптарын қалпына келтірген. Соған байланысты осы корей тарапына олардың мол тәжірибесін біздерде пайдалану жөнінде ұсыныстар бердік. Тренигтерді өткізу олардың технологияларын пайдалану немесе басқа да бізге қажетті мүмкіндіктерін бізге алып келіп көрсетсе немесе біздің азаматтарды шақырып осы жерде іс-тәжірибеден өткізу дейтін мәселелер талқыланды.