Әлем елдері климаттың өзгеруімен күресті күшейту керек
АҚШ-тың Климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде осындай мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, бұл үшін мемлекеттер қоршаған ортаға зиян келтіретін көмір және басқа да пайдалы қазбаларға тәуелділікті азайту қажет. Дүниежүзінің 200-ге жуық елі климаттың өзгеруімен күресу үшін 2015-ші жылы Париж келісіміне қол қойған. АҚШ - Қытайдан кейін ауаға парниктік газды ең көп шығаратын ел.
Джон Керри, АҚШ-тың климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі:
- Қазір климаттың өзгеруі әлемнің дамуымен қатар оның қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр. Осы дағдарыстан жер шарымызда жыл сайын миллиондаған адам көз жұмады. Ал әлем елдері миллиардтаған доллар шығынға батады. Сондықтан мәселені шешу үшін бірлесіп әрекет етуіміз керек.