Американдықтар инфляция қыспағында қалды
Американдықтардың 92 ппрценті инфляция жағдайында шығындарын азайтуға мәжбүр.
Азық-түлік, жанармай мен коммуналдық қызмет бағасы тұтынушылардың қалтасын қақты. Ойын-сауық, үй декоры және тұрмыстық техникаға жергілікті тұрғындар, тіпті қаражат жұмсамайтын болған. Оған себеп елдегі инфляция. 2021 жылдан бері баға өсімі тұрақтамай тұр. Тек мамыр айында алғаш рет 7-ден 4 пайызға баяулады. Алайда экономистер қуаныш көпке созылмайтынын ескертіп отыр. Олар жағдайды реттеу үшін федералды қор мөлшерлемесін 500 базистік тармаққа көтеріп, ақша-несие саясатын қатайтуды көздейді.