Англияда кіші санаттағы дәрігерлер ереуілге шықты
Англияда үшінші күн қатарынан кіші санаттағы дәрігерлер ереуілдетіп жатыр.
Егер үкімет жалақымызды көтермесе, жаз бойы жұмысқа шықпаймыз дейді олар.
Бұған дейін болған наразылықтар кезінде 200 мыңға жуық науқастың, ем-домсыз қалғаны белгілі. Кәсіподақ ұйымының мүшелері үкіметтің ұсынған 5 проценттік үстемақысы мардымсыз деп мәлімдеді. Ұлыбританияда кіші санаттағы дәрігер деп, медициналық оқу орнын бітірген және 5 жылдан кейін дәрігер болуға талаптанып жүрген мамандарды айтады. Олар ұлттық денсаулық сақтау қызметінің шамамен 45 процентін құрайды.
Суми Маниражан, кәсіподақ ұйымының өкілі:
- Жалақымызды 35 процентке көтеруді талап етеміз. Бір мезетте емес, кезең-кезеңімен өсірсін. Өйткені соңғы 15 жыл көлемінде табысымыз инфляцияға ілесе алмай келеді.