Қазақстан Қытайдағы халықаралық көрмеге қатысты

Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Халықаралық инвестиция және сауда көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған әлемнің 20 елінен 80-нен аса өнеркәсіп қатысып жатыр. Шара Циндао қаласындағы Экспо орталығындағы арнайы аймақта өтіп жатыр. Көрмеде азық-түліктен бастап көлік және жаңа технологиялық тауарлар ұсынылған.

Шара 18 маусымға дейін жалғасады. Қазақстан павильонында дәнді-дақылдар мен азық-түлік өнімдері қойылды. 

Көрмеге келушілер:

- Қазақстан шоколады еуропалық шоколадтан өзгеше. Ол тәттірек. Мысалы, бельгиялық шоколадты білемін. Бірақ қазақстандық шоколадтың дәмі ұнайды. 

- Мен түйе сүтінен жасалған сусын сатып алдым. Күйеуім диабетке шалдыққан. Сондықтан бұл оған өте пайдалы болады. Өйткені онда қант жоқ.