Италияда 96 мигрант құтқарылды

Италияның Жағалау күзеті 96 мигрантты құтқарды.

Олар мінген кеме жағадан 180 шақырым аумақта апатқа ұшыраған. Құтқару ісінің бейнежазбасын жергілікті ақпарат құралдары таратқан. Операцияға күшті жел мен үлкен толқындар кедері жасады. Босқындар Рокчелла-Ионика айлағына жеткізілді. Жақында ғана Грекия жағасында кеме суға кетіп, 78 мигрант ажал құшқан болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш "кәрі құрлық" елдеріне қайғылы оқиғалар қайталанбас үшін көші-қон ісінде күш біріктіруі керек деп ескертті.