Мексикада бокс сабағынан әлемдік рекорд орнады

Мексикада бокс сабағына қатысқан адам саны бойынша әлемдік рекорд орнады.

Мехиконың орталық алаңына 15 мыңдай адам жиналды. Ерекше іс-шараға ел үкіметі қолдау көрсеткен. Мексика былтыр да осы санат бойынша рекорд орнатқан болатын. Ол кезде 14 мың 300 адам жиналған еді. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы тұрғындарды саламатты өмір салтын ұстануға үндейді.