БҰҰ: Еуропада күн ысып жатыр

Еуропада күн ысып жатыр.

Бұл – БҰҰ-ның арнайы баяндамасында жарияланған мәлімет. Соңғы жылдары Кәрі құрлықта ауа температурасы 2,3 градусқа көтерілген. Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен 2 есе артық. Бүкіл Еуропа аймағында мұздықтар еріп, қуаңшылық пен орман өрттері жиілеп кетті. Мұндай жағдай одан әрі жалғаса береді, - дейді ғалымдар.

Дегенмен оң нәтижелер де бар. Еуропаның көптеген елінде ауаға шығаратын көмірқышқыл газ мөлшері азайған. Соңғы 30 жылда бұл көрсеткіш 31%-ке қысқарды.