Невада штатында шегіртке қаптады

Күннің ысуы жәндік атаулыға жан бітіреді.

АҚШ-тың Невада штатында қара шегіртке қаптаған.

Зиянкестер алқапқа жайылып, жолдарды жауып тастады. Тұрғындар шегіртке тіпті үйге кіріп кетіп жатқанын айтады. Ал шаруалар егістіктен түк қалдырмай барады дейді. Мамандардың айтуынша шегірткенің қаптауына қыстың жаңбырлы болуы себеп. Невада штатында мұндай оқиға соңғы рет осыдан 4 жыл бұрын болған екен.  

Джереми Мур, Элко қаласының тұрғыны:

- Қара шегірткелер қаламызда осыдан 1,5 апта бұрын пайда болды. Содан бері ешқайда көшпей жолындағы барлық көкті отап, бау-бақшамыздың талқандап жатыр.