Қазақстандық құтқарушылар маңызды келісімге қол жеткізді
Қазақстан құтқарушыларының әуе паркіне Еуропалық стандарттар бойынша қызмет көрсетілетін болды.
"Қаз-авиақұтқару" компаниясы Францияның Лё Бурже қаласында тікұшақ жасаушы бірлестікпен, осындай келісім-шартқа қол қойды. Құжат компанияның, әуе техникасын барынша жылдам жөндеп, қадағалап отыруды қарастырады. Еуропадағы көп елдің құтқару қызметі, осындай қағида бойынша жұмыс істейді.
Болат Абайділдинов – "Қаз-авиақұтқару" АҚ бас директоры:
- Келісімде регламенттік жұмыстардың өзін жылдам жүргізу бекітілген. Ал тікұшақ қозғалтқышын жөндеуге 7-10 күндей ғана уақыт кететін болады. Бұрын бізде мұндай жұмыстар кей кездері 4-5 айға созылып кететін. Келісім осы әуе көліктерін барынша жылдам жөндеуге мүмкіндік береді.
Франсис Ларрибо – "Safran helicopter engines Germany" компаниясының бас директоры:
- Еуропадағы құтқару қызметтерінің барлығы осындай келісім-шарт бойынша жұмыс істейді. Адамдарды құтқару ісінде бұл өте маңызды. Мұндай сәттерде тікұшақтар сақадай сай болу керек. Құжаттың басты мақсаты да осы. Яғни "Қаз-авиақұтқару" құтқару операцияларына ден қойып, біз әуе техникасының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін боламыз.