Гибралтар бұғазы маңында дельфиндер жарыс қайығына шабуыл жасады

Яхтамен жарыс бойынша әлем турнирінде күтпеген оқиға болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гибралтар бұғазы маңында, дельфиннің косатка деп аталтын түрі жарысқа қатысушы қайықтың біріне шабуыл жасады. Бірақ ешкім зардап шекпеген. Мамандар соңғы уақытта мұхитта мұндай оқиғалар жиілегенін айтады.

Джелмер Ван Бик, Jajo құрамасының мүшесі:

- Біздің қайығымызды 3 дельфин келіп қақты. Содан желкенді жалмажан түсіріп, яхтаның жүрісін баяулаттық. Құдай сақтап, жануарлар қайғымызды бірнеше рет соққан соң кетіп қалды. Дельфиндердің шабуылынан 2-ші орыннан 4-ші орынға түсіп қалдық.