Испанияда касаткалар жарысқа қатысушыларға шабуылдады

Испанияда қайық жарысына қатысушыларға касаткалар шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұлар – дельфин тұқымдас су жануарлары. Олар 15 минут бойы қайықты соққылап, кетпей қойған. Сайысқа қатысушылар желкенді түсіріп, қатты дыбыс шығарып, касаткаларды қууға тырысты.

Қайық жарысы бірнеше аптаға созылады.