Мәскеудің оңтүстік кіреберісінде күзет күшейтілді
Ресей астанасының оңтүстік кіреберіс бөлігінде күзет күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаладағы сауда орталықтары мен музейлер жабылып жатыр. Мәскеу әкімшілігі дүйсенбіні жұмыссыз күн деп жариялады. Оңтүстік аймақтардың билігі өз аумағындағы тасжолдардың жабылып-ашылғаны туралы ақпаратты сәт сайын жаңартып жатыр. Калуга облысында көршілес өңірлермен шектес аумақта көлік қатынасы шектелді. Осындай жағдай Липецк облысында да қалыптасқан. Терроризмге қарсы операция режимі енгізілген аймақтардың билігі тұрғындарға далаға себепсіз шықпауды ескертіп жатыр.