Израильде ереуілдер жалғасып жатыр

Израильде сот жүйесін реформалауға қарсы акция жалғасып жатыр.

Наразылық білдірушілер бұл жолы ел астанасы Тель-Авивтің негізгі көшелеріндегі көлік қозғалысына кедергі келтірді. 

Жоғарғы Сот жүйесіне қатысты реформаға қарсылық білдірген халық 7 қаңтардан бері әр сенбі, жексенбіде шеруге шығуды әдетке айналдырды.    

- Биліктің мақсаты - Израиль демократиясын жою. Диктатура орнату үшін биліктің әр түрлі тармақтары арасындағы тепе-теңдікті бұзу! Біз бұған жол бермейміз!

- Израиль халқы диктатураның жақтаушысы емес! Демократия мен бостандық рухына сәйкес келмейтін ережелерге немесе заңдарға жол жоқ!