Косовода анасы мен баласын су ағызып әкетті
Полицияның хабарлауынша, ауруханаға ауыр халде жеткізілген 5 жастағы балақай көп ұзамай көз жұмған.
Артынша 2 сағаттан кейін оның анасының мәйіті су басқан көшелердің бірінен табылды. Оқиға Пейя қаласында болған. Бірнеше тәулікке созылған ақжауын тұрғындардың мазасын қашырып, өміріне қауіп төндіріп тұр.