Бразилияда тасқыннан шаруалар шығынға батты

Бразилияда тасқынның кесірінен шаруалар шығынға батып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егістік алқаптарын су шайып, еңбегіміз еш болды деп налиды. Олардың айтуынша, толассыз жаңбырдан егіннің 80%-і құрдымға кеткен. Оның зардабын енді ірі қалалар тартып жатыр. Өйткені шаһарларда көкөніс бағасы шарықтап кеткен. Халыққа аталған өнім түрлері 2 есе қымбатқа сатылып жатыр.