Токио университетінің инженерлері ерекше роботты ойлап тапты

Адамның арқасына киілетін құрылғының салмағы - 14 келі.

Оның негізгі блогына 6 қол бекітілген. Роботты қашықтықтан басқаруға болады. Мұны би саласында пайдалану көзделіп отыр. Айта кетерлігі, идея авторлары алты қолды роботты ойлап табу үшін дәстүрлі жапон қуыршақ театры - бунраку өнерін негізге алған.