АҚШ-та алапат дауылдан үш адам қаза тапты
АҚШ-тың оңтүстігі мен батысында алапат дауыл соғып, ондаған үй қирап қалды.
Апат салдарынан 3 адам көз жұмды. Әсіресе Индиана мен Арканзасқа ауыр соққы болды. Ұлттық ауа райы қызметінің деректері бойынша осы екі аймақта болған бірнеше дауыл барлығын жайпап өткен. Соңғы деректерге сүйенсек, ауа райының қолайсыздығынан жарты миллионға жуық тұрғын зардап шекті. Қазір билік жөндеу, қалыпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Шығын көлемі есептеліп жатыр.
Эрик Фанхаузер, төтенше жағдайлар қызметінің басшысы:
- Дүлей дауыл 5 шақырым жерді жайпап өтті. Қазір бұл жерде біздің бригада жұмыс істеп тұр. Жолдарды тазартып, қираған аудандарды қалыпқа келтіреміз. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргіземіз. Із-түзсіз кеткендер болса, анықтау керек.
Валенсияда бұршақ жауды
Табиғаттың қатаң мінезі Испанияға да ауыр тиді. Валенсияда бірнеше күн қатарынан аптап ыстықтан кейін бұршақ жауды. Жолдарда көлік қозғалысы тежеліп, ондаған жол апаты тіркелді. Куәгерерлер қатты жауған бұршақтан сыртта жүру мүмкін болмай кетті дейді. Бірнеше көлік қираған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.