Ұлыбританияда музыканттардың 63% жасанды интелектті қолданады
Ұлыбританияда жасанды интеллект кеңінен қолданысқа еніп жатыр.
Оны музыканттардың 63 пайызы пайдаланады екен. Сауалнамаға бас-аяғы 3 мың адам қатысқан. Бұл статистиканы Юуф Мьюзик қайырымдылық ұйымы келтірді. Ерекше құрал музыкалық стандарттарға, композициялық тізбектерге және алгоритмдерге негізделген жаңа туынды жасап шығарады. "Келешекте нейрондық желі технологиялары тіпті, стиль, жанр, көңіл-күй сияқты параметрлерді дұрыс жеткізе алатын болады" деп пайымдайды мамандар. Бұған қоса жасанды интеллект көздің жауын алатын түрлі-түсті альбом қаптарын және жарнамалық материалдарды жасауға көмектеседі. Өнерпаздар бұл шығармашылық процесті айтарлықтай жеңілдетеді деп отыр.
Ти Питерс, музыкант:
- Қазір жасанды интеллект мен үшін таптырмас құрал. Мен оны қолданғанда, жаңа ерекше идеялар жарық көреді. Ақшамды үнемдеуге де көп көрім көмегі бар.