Қазақстан мен Өзбекстан арасына тікелей әуе рейстері қатынайды

Қазақстан мен Өзбекстан арасы тікелей әуе рейстерімен толықты.

Отандық лоукостер енді Астанадан Ташкентке дүйсенбі мен сәрсенбі күндері жолаушы тасымалдайды. Бұған дейін де бауырлас елдердің бас қалалары арасында әуе қатынасы болған. Оны қазақстандық және өзбекстандық тасымалдаушылар орындап келді. Кейінгі кезде көрші елге саяхаттайтын қазақстандық туристер санының артуына байланысты рейстерді көбейту жөнінде шешім қабылданды. Алдағы уақытта Астанадан Өзбекстанның басқа да қалаларына жаңа бағыттар ашу көзделіп отыр.