Бразилияда тропикалық ормандағы ағаштарды кесу қысқарды

Амазонка тропикалық орманының Бразилия бөлігіндегі ағаштарын кесу 33% - ке қысқарды.

Бұл Президент Лула да Силваның билікке келгеннен кейінгі бірінші жартыжылдықтағы жұмыс көрсеткіші. Елде ағаш кесу көлемі былтырмен салыстырғанда 61% - ке азайған. Бразилияның қоршаған ортаны қорғау министрінің мәлімдеуінше, эмбарго қатаңдаған. Амазонка бассейнінің ормандарын кесу Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаро кезінде рекордтық деңгейге жеткен. Тіпті австриялық экологтар экс-мемлекет басшысын "адамзатқа қарсы қастандық жасады" деп айыптаған. Ал Лула да Силва билікке келгелі экология мәселелеріне көбірек көңіл бөліп, ормандарды кесуді азайта бастаған.