Байден әкімшілігіне әлеуметтік желілермен байланыс орнатуға тыйым салынды

АҚШ Соты Байден әкімшілігіне әлеуметтік желідегі контентті қадағалау үшін олармен байланыс орнатуына тыйым салды.

Бірақ Ақ үй әкімшілі бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берді. Сот тыйымынан соң Әділет департаменті әрі қарай қалай, әрекет етудің жолдарын қарастырып жатыр.

Нұрбек Бекен, тілші: 

- Луизиана мен Миссури штатының республикашыл прокурорлары «билік өкілдері әлеуметтік медиада жарияланған мәліметтерді жалған деп санаса әлеуметтік желінің әкімшілігіне соған назар аударуын сұрап, тым артық әрекеттерге барған деп шағым түсірген. Әсіресе үкімет қызметкерлері вакцина қауіпсіздігі, сайлау нәтижелері секілді ақпараттарға басымдық берген. 

Енді Сот шешімі бойынша денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету департаменті, Федералды Тергеу Бюросы сияқты мемлекеттік орган қызметкерлерінің әлеуметтік желілердің модераторымен байланысып қандай да бір мәтінді қысқартуға, өшіруге немесе қысым жасауына қақылары жоқ. 

АҚШ Конституциясына сәйкес, сөз бостандығына кедергі жасалмауы керек делінген. 

Бұл шешімді талап-арызды түсіргендер мен  консерваторлар сөз бостандығының жеңісі деп бағалады. Заңгерлер бұл бұрын-соңды болмаған шешім деп отыр. Бұған дейін Сот Үкіметке ешқашан өз көзқарасын білдіруге тыйым салмаған.  

Флойд Абрамс,заңгерлік мектептің құқық жөніндегі мұғалім:

«Құқықтық тұрғыдан қарағанда әлеуметтік желі бұл жаңа бір әлем. Онда айтылған әңгіменің де әсері әртүрлі. Ал қарсы тарап Конституцияны алға тартып, мәселе оқиғада емес сөз еркіндігіне сілтейді. Сондықтан дәл осындай іс әрекетті заңсыз деп танитындай сот шешімінің шығуы бұрын-соңды болмаған. Сөзсіз қарсы тарап шағым түсіреді». 

Нұрбек Бекен, тілші: 

«Осы жолғы сот қаулысы үкімет адамдарына “бұл шындыққа жанаспайды, бұлай жазуға болмайды, мұны өшіріп тастаңыз” деген сияқты құқықтан айырады, дейді сарапшылар. Әлбетте әлеуметтік желіге қатысы бар компаниялар ұлттық қауіпсіздік және қылмыстық әрекеттердің алдын алу бойынша үкіметтің қызметкерлерімен байланысуына кедергі жоқ. Алпауыт АҚШ-та та лайк пен атақ үшін халықты адастыратын жазбалар жиі кездеседі. Сот шешімі тұсау болған соң Ақ үй әкімшілі қазір Әділет министрлігімен алдағы қадамдарды ақылдасып жатыр».