Иркутск облысында ақ нөсер салдарынан үйлер суға батып жатыр
Ресейдің Иркутск облысында бірнеше тәулік құйған ақ нөсер салдарынан үйлер суға батып жатыр.
Әсіресе, Ангарск пен Байкал аймақтары қатты зардап шекті. Билік төтенше жағдай режимін енгізді. Апат аймағынан 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды. Соңғы ақпарат бойынша, 400-ден астам учаске су астында қалды.