Италияда қоғамдық көлік қызметкерлері жаппай ереуілге шықты
Жұмысшылар биліктен жалақыны көтеріп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Наразылық шарасынан Апеннин түбегінде автобус, метро, трамвай және пойыздар сирек қатынап, халық әбігерге түсіп жатыр. Туристер діттеген жеріне жете алмай қалды. Адамдар такси жалдап, жаяу жүруге мәжбүр.
- Қаладағы көрікті жерлерді көреміз деген жоспарымыз бар еді. Ереуілден қоғамдық көліктер жүрмей қиналып қалдық. Ол жерлерге жаяу қалай жететінімізді білмейміз. Жоспарымыздың бәрі бұзылды.