Жасанды интеллект әлемді бағындыруда

Жасанды интеллектпен басқарылатын роботтар әлемді билеуі мүмкін.

Женевада БҰҰ ұйымдастыруымен өткен саммитте осындай пікір айтылды. Бұл тарихта адам тәріздес құлтемірлер қойылған алғашқы конференция. Шара барысында озық технологияны қолдану шегі мен мүмкіндіктері талқыланды. Жасанды интеллекті жиі пайдаланудағы сын-қатерлер сөз болды. Қатысушылардың кейбірі роботтар адамдарға қарағанда жаһанды жақсы басқарады деген пікір де айтты.

«Engineered Arts» компаниясының роботы:

- Адамзат баласы мен сияқты құлтемірді әлемдегі жағдайды өзгертіп, халықтардың өмірін жақсарту үшін қолданатын сәт тақағанын сезінеді. Бұл уақыт еншісіндегі мәселе. Меніңше  роботтардың жаһанды жақсартуға кірісетін күні алыс емес.