Суданда әуе шабуылынан 22 адам қаза тапты
Қазір ел астанасы Хартумде жағдай қиын.
Қарулы топтар арасындары қақтығыс басылар емес. Көршілес Омдурман шаһарында да ахуал тұрақсыз. Жергілікті армия мен жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыс осы қалада күшейіп келеді. Халықаралық ұйымдар бұған қатты алаңдап отыр. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш қақтығыстарды қатаң айыптады. Судандағы жанжал биыл сәуір айында басталған-ды. БҰҰ-ның соңғы дерегі бойынша қақтығыс кезінде елде 3 мың адам қаза тауып, 600 мың тұрғын елін тастап кетуге мәжбүр болған.