Жапонияда лай көшкінінен бір адам қаза тапты
Жапонияның оңтүістігінде лай көшкіні салдарынан бір адам опат болып, 3 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.
70 жастағы қарт әйелдің қаза тапқаны анықталды. Ол Фукуока пре-фектурасында үйін батпақ басып, лайдан шыға алмай қалыпты. Қазір қауіп төнген аймақтардан адамдар жаппай эвакуацияланып жатыр. Соңғы деректерге қарасақ, елде жауын-шашын бүгін баСталыпты. Бірнеше өзен арнасынан тасып, топан су лайға айналып отыр. Апаттық жағдай болған аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде.