Тілге құрмет – елге құрмет
Бір елді тану үшін алдымен тілін меңгеру керек. Қазақша үйреніп жүрген америкалықтар осылай дейді.
Вашингтон тұрғыны Дэн Зетела өткен қыста Қазақстанда және Қырғызстанда болған. Оқу бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтеді. Архитектурасы ерекше Астана, ақкөңіл халық, мол дастархан - бәрін де ұнатып қалдым дейді. Дэн, бір елді тану үшін алдымен тілін меңгеру керек. Оның үстіне Қазақстанда көптеген дос таптым деп отыр.
Дэн Зетела, Вашингтон қаласының тұрғыны:
- Мен зымыран сөзінің айтылуын ұнатамын. Жеті деген санды бірден есіме сақтадым. Өйткені 7 барлық елде ерекше сан. «Мысық» сөзін де бірден жаттадым және «шыбынды» білемін. Мен осы сөздерде кездесетін «Ы» әріпінің айтылуын ұнатып қалдым.
Екінші сабақтан кейін-ақ біраз сөз жаттап, «береке» сөзінің мағанасын біліп отырған Дэн ң, қ әріптерін де қиналмай айтады. Орташа деңгейде тіл сындырып, қайта барғанда достарын таң қалдырмақ. Американың үш азаматына қазақша үйрететін Әсел Күзеухан оқу-әдістемелік құралды өзі жасаған. Әзірге аптасына бір рет, жұмыстан кейін сабақ өткізеді. Оқыту курсы мол табыс әкелмесе де қазақша білсем деген азаматтарға көмектескім келді дейді.
Әсел Күзеухан, қазақша үйретуші ерікті:
- Алдын-ала бұлар қазақ тілдерін дайындап жатыр Қазақстанға бару үшін. Біздің кейбір қазақтарымыз қазақ тілін үйрене алмай жүргенде америкалықтар үлкен үлі көрсетіп жатыр.
Адам Сандин, Вашингтон қаласының тұрғыны:
- Мен еліміздің ортасында жатқан Канзас деген қалада өстім. Меніңше Қазақстан мен Канзастың климаты мен кейбір мәдениетінде, жылқыға мінуде біраз ұқсастық бар сияқты.
Колледжде Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін оқыған Адам Сандин Қазақстанға баруды жоспарлап жүр. Ол үшін алдымен тіл сындырып алмақ. Досы Дэн екеуі қазақша ән салғанды ұнатады.