Балиге барған шетелдік туристер салық төлейді

Индонезияның Бали аралында келер жылдан бастап шетелдік туристер үшін салық енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның көлемі – 10 доллар. Түскен ақша қоршаған ортаны қорғау, мәдениет пен инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

Айта кеткен жөн, Бали туристер арасында танымал бағыттың бірі саналады. Былтыр мұнда 2 миллионнан аса адам демалған. Бұл коронавирус пандемиясына дейінгі көрсеткіштерге жетпейді. Дегенмен сарапшылар сала біртіндеп қалпына келе бастағанын айтады.