Түркияда «Заман керуені» сурет көрмесі өтіп жатыр
«Заман керуені».
Анкарада осындай атаумен сурет көрмесі өтіп жатыр. Түркия Республикасының 100 және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына арналған іс-шара.
Белгілі суретші Ермек Серіков, өзінің дүниежүзілік турнесін бауырлас Түрік елінен бастады. Себебі қазақ пен түріктің тарихы ортақ. Ұлы даланың әсем табиғаты, ата- бабаларымыздвң тыныс- тіршілігі мен салт- дәстүріміз бен ұлттық тағамдарымыз бейнеленген суреттер екі елдің ортақ қазынасы десе де болғандай.
Олгунай Көсехан, тұрғын:
- Реалистік суреттер өзімді Атажұртта секілді сезіндірді. Жылқы, қыран мен адамның кейпі бейнеленген картиналар таңғажайып. Келісе жатсақ бір картина алмақпын. Ал болашақта Қазақ еліне баруды жоспарлап отырмын.
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының штаб- пәтерінде өткен көрмеге былайғы жұрттан бөлек түркі тілдес мемлекеттердің дипломатиялық миссия өкілдері, түріктің қоғам қайраткерлері мен көрнекті өкілдері келген. Өнерсүйер қауым, қылқалам шеберінің туындыларын жоғары бағалады.
Серік Ермеков, суретші:
- Көрмені наурыз айына жоспарлағанмын. Дегенмен, туыстас елдегі жағдай барлығын түбегейлі өзгертті. Суреттер кездейсоқ таңдалған жоқ. Еліміздің көркем жерлері мен әсем табиғатын тамырлас халыққа көрсетіп, оларды елімізге шақыру басты міндет болды. Миссиямды орындай алған секілдімін.
Көрмеге 53 картина қойылған. Әзірге кісі аяғы арылмай тұр. Көрме Анкарадан кейін Анталия және Ыстамбұлда жалғасады. Одан әрі Оңтүстік Кореяда ұйымдастыру жоспары бар.