Кореяда контенттен табыс тапқан блогер салық төлейді
Оңтүстік Кореяда блогер болу үшін заңды тұлғаны тіркеудің қажеті жоқ.
Бірақ әлеуметтік желілердегі контент авторға табыс әкелсе, онда ол салық төлеуі керек. Ол үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге тиіс. Үш жылдық тәжірибесі бар блогер Чериш осылай дейді. Оның корей тілінен сабақ беретін екі бірдей YouTube арнасы бар. Оған ТМД елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан 500 мыңға жуық адам жазылған. Өзінің айтуынша, оның блогындағы ақпаратты ешкім қадағаламайды. Алайда әрбір адам оның арнасынан жалған ақпаратты байқаса, сотқа бере алады.
Чериш, блогер:
- YouTube, Instagram сияқты әлеуметтік желілер шынымен бақыланбайды. Бірақ бізде телеарналар мен телеарналар өте қатаң тексеріледі. Менің ойымша, әлеуметтік желілерді бақылау қажет. Өйткені оларды ешкім бақыламаса, хаос болады. Бірақ екінші жағынан егер олар қатаң қадағаланып, тексеріліп отырса басқа платформаларға көшіп кетуі мүмкін.