Еуропада жастар ғаламтордың шырмауына ілінді
Еуропада жастар ғаламтордың шырмауынан шыға алар емес.
Былтырғы көрсеткішке қарасақ, олардың 96 пайызы интернетті күнде қолданады. ЕуроАймақ бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Ирландияда тіркелді. Бұл елде жастардың 99 проценті сайттардан шықпайды екен. Көбінесе әлеуметтік желі қолданушылар саны күн санап артып келеді. Олардың басым бөлігі 16-29 жас аралығындағылар. Дүниежүзілік желідегі аға буынның үлесі 84% құрады. Бұл ЕО Статистика басқармасының соңғы мәлеметтері. Олар көбінесе жаңалық оқып, бейне-роликтерді қарап, интернет-банкинг қызметтерін пайдаланады екен.