Израильде сот жүйесін өзгертуге қарсы наразылық басылар емес
Израильде сот жүйесін өзгерту туралы заң жобасына қарсы наразылық басылар емес.
Халық Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың бастамасына қарсылық білдіріп, тағы шеруге шықты.
Шараны ұйымдастырушылар жоба елдегі демократияны шектеп, авторитаризмге жол ашады дейді. Парламенттен оны бекітпеуді талап етіп жатыр. Себебі, құжатта Жоғарғы соттың кей құзыретін шектеу қамтылған. Заң шығарушы орган оны келесі аптада талқылауы тиіс.
Бұл заң жобасы қабылданса елімізде демократия шектеледі. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху құжат бойынша келіссөзді жалғастыратынын айтады. Бірақ біз бұған сенбейміз. Сондықтан парламенттен жобаны кері қайтаруды талап етеміз.
Канадада байырғы халық өкілдері шеру өткізді
Ал Канаданың Онтарио штатында байырғы халық өкілдері наразылық шеруін өткізді. Акцияға қатысушылар биліктен өздері тұрып жатқан аудандарда пайдалы қазбаларды игеруге рұқсат бермеуді сұрап жатыр. Себебі, бұл тау-кен бірлестіктерінің жерлерді бақылаусыз игеруіне әкеліп, өңір экологиясына зор нұқсан келеді дейді. Шерушілер жергілікті үкімет талаптарына құлақ аспаса, шерулерін жалғастыратынын ескертіп отыр.