Индонезияда жолаушылар кемесі батып кетті

Индонезияда жолаушылар кемесі батып, 15 адам ажал құшты.

Тағы 19 жолаушы із-түзсіз жоғалып кеткен. Паромның СулавЕси аралында суға кеткені белгілі болды. Әзірге апаттың шығу себебі белгісіз. Тергеу амалдары жүріп  жатыр. Жалпы Индонезияда жолаушылар тасымалдауға кемелер жиі пайдаланылады. Олар 17 мыңға жуық аралға қатынайды. Бірақ қайғылы оқиғалар  да көптеп тіркеледі. Апатқа әдетте ауа райының қолайсыздығы, дауылдар, ескі техника және жолаушылардың көптігі себеп болады.