Сириядан есірткі алып ұшып келе жатқан дрон ұсталды

Иордания әскерилері Сириядан есірткі алып ұшып келе жатқан дронды ұстады.

Шағын аппарат көрші елден 2 келі метамфетамин алып өтпек болған. Әскерилердің мәлімдеуінше, соңғы уақытта екі ел шекарасында осындай заңсыз әрекет көбейген. Соңғы бір аптада әскерилер 3 дронды атып түсірді. Мәселеге қатысты қос елдің қауіпсіздік күштері кездесіп, есірткі тасымалдаушы қылмыстық топтармен күресті арттыруға келісті.