Тайваньда ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті

Тайваньда ауқымды әскери-оқу жаттығу өтіп, аралдағы басты халықаралық әуежай уақытша жабылды.

Өйткені әуе шабуылына қарсы әскери шара осы әуе айлағын қорғауға бағытталған. Дәстүрлі жаттығу барысында Тайвань күштері әуежай маңында қарсыластың шағын топтарына қарсы тұру әрекеттерін пысықтап, жауынгерлік дайындықтарын шыңдады. Бірақ аймаққа Доксури тайфуны жақындағандықтан кей шаралар өткізілмеді.