Грекияның Родос аралындағы орман өрті бизнесті тоқыратты

Грекияның Родос аралындағы орман өрті әлі де дес бермей тұр.

Бұдан жергілікті кәсіпкерлерге зор зиян келіп жатыр. Әсіресе, шағын және орта бизнес иелеріне. Алапат өрт мейрамханалар мен қонақ үйлерді толығымен күлге айналдырған. Қазір тілсіз жаудан келген шығын көлемін есептеп жатыр. Бірақ өз күшімен бәрін қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ. Сондықтан кәсіпкерлер биліктен көмек сұрап отыр.