Нигер мемлекетіне саяси төнкеріс қаупі төнді
Африка елдерінде жағдай тұрақсыз.
Нигер мемлекетіне саяси төнкеріс қаупі төнді. Кикілжің әскери күштер мен президент жақтастары арасында туындады. Жергілікті армия Ниамее қаласында мемлекет басшысы Мохамед Базумды қамауға алып, оның одақтастарына ультиматум қойған. Әскери күштер Базумның резиденциясын басып алып, жолдарды жауып тастаған. Әзірге саяси жағдайдың соңы қалай аяқталары белгісіз. Жалпы қазір басқарушы билікке жан-жақтан қысым көп. Мәселен, елдің батысында “Әл-Каида” қарулы топтары көп шоғырланған.
Айта кетейік, Мохамед Базум билікке екі жыл бұрын тарихта алғашқы бейбіт демократиялық сайлау нәтижесінде келген еді.