Сирияда жарылыстан бес адам көз жұмды

Сирия астанасы Дамасктағы мешіттің қасында тағы жарылыс болып, 5 адам қайтыс болды.

46 адам жарақат алды. Соңғы ақпараттарға қарағанда, көлікке жасырын қойылған жарылғыш іске қосылған.  Бұл осы аптада мешіт жанында екінші рет болып тұрған лаңкестік әрекет. Өткен сейсенбі күні жарылыстан 2 адам көз жұмған еді.