Грекияда орман өртінен қару-жарақ қоймасында жарылыс болды

Грекияда орман өртінен қару-жарақ қоймасы жарылып, бірнеше тұрғын жарақат алды.

Төтенше жағдай елдің орталық бөлігіндегі Нео Анхилос қаласына жақын жерде болды. Аймақта 2 алқап лаулап жанып жатыр. Бірнеше елді мекеннен тұрғындар шұғыл эвакуацияланды. Қазір Грекияның көптеген өңірі тұтанған орман өртін ауыздықтай алмай отыр. Соңғы күндері аптап ыстықтан тағы 60-тан аса дерек тіркелген.

- Бүгін таңнан бері орманның әр жерінен өрт шығып мазамыз кетті. Қазір заттарымызды жинап, қауіпсіз жерге көшуге дайындалып жатырмыз. 

Хорватиядағы туристік өңірде орман отқа оранды

Хорватияның Чиово аралында да орман өртеніп, ондаған үй жанып кетті. Тілсіз жау елдің басты курорттық орталығы саналатын Дубровник қаласына жақындады. Табиғи апатқа қарсы жүзден аса өрт сөндіруші жұмылдырылып, ұшақтар пайдаланып жатыр.