Араб елінің халқы ішкі алауыздыққа қарсы шеру өткізді
Газа секторының Хан-Юнис қаласында жүздеген палестиналық шеруге шықты.
Олар елдегі саяси 2 ұйымның арасындағы алауыздыққа қарсы бас көтерді. Осының алдында Мысыр астанасы Каирде Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас пен "Хамас" ұйымының арасындағы келіссөз нәтижесіз аяқталған болатын. Сарапшылар бұл алауыздықтың 16 жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Тұрғындар одан да Газа секторындағы электр жарығы мен газ беру мәселесін шешкен дұрыс еді деп санайды.