Камбоджаның оңтүстігінде су тасыды

Маусымдап жауатын муссонның салдарынан Камбоджаның оңтүстігінде су тасыды.

Су алып кеткен екі өңірдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіртіп жатыр. Табиғи апаттан бір әйел қаза тауып, тағы бір турист із-түссіз жоғалып кеткен. Олардың шатырын су шайып кетті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, күре жолды су басып кетті. Құтқарушылар адамдарды жүйрік катерлермен тасымалдап жүр.