Канадада орман өрті қалаға қауіп төндірді

Қызыл жалын шарпыған Осуюс аймағында 6700-ге жуық тұрғын тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар шекарада, АҚШ-тың Вашингтон штатына жақын маңда орналасқан. Соңғы мәлімет бойынша өрт қалаға 4 шақырым жерге жетті, жалпы аумағы 885 гектарды шарпыды.