Мәскеуде короновирус қайта қылаң бере бастады
Ресейде соңғы 1 аптада коронавирус жұқтырғандар саны 20 пайызға өсті.
Тұтынушылар құқығын қорғау федералдық қызметі күзде науқастар көбеюі мүмкін деген болжам жасап отыр. Ал Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиялық ахуалдың тұрақтауына байланысты ковид-19-ға қарсы вакцинадан бас тартуды ұсынды. Дерекке сүйенсек, кейінгі 3 жылда Ресей халқының жартысы коронавируспен ауырған. Олардың 10 пайызының дерті ауыр болған.
Геннадий Онищенко, дәрігер-эпидемиолог:
- Бізде індет күшейіп, қайта пандемия болады деген мәлімет жоқ. Бірақ науқастар саны артуы мүмкін. Себебі, коронавирусты жұқтыру деректері әлі де бар. Егер жағдай өзгеріп жатса ревакциналауды қарастыратын боламыз.